Президент жол жүрісін ұйымдастыру туралы заңға қол қойды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - деп жазылған құжатта.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


Соңғы жаңалықтар