Президент Жолдауы аясында мемлекеттік органдардың жұмыс кестесі 7-10 күн ішінде анықталады
Жалпы, депутаттың айтуынша, Елбасының бүгінгі Жолдауындағы тапсырмалар «Ұлт жоспары. 100 нақты қадам» бағдарламасындағы міндеттермен астарласып жатыр. «Жолдауда Үкіметке, Парламентке, тіпті, әрбір облыс пен қала әкімшілігіне нақты тапсырмалар берілді. Сондықтан 2016 жылы Қазақстанның атқаратын міндеттері осы Жолдауы аясында жүреді», - дейді депутат. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 44 бабына сәйкес, Мемлекет басшысы жыл сайын халқына Жолдауын арнайды. Биылғы Жолдаудың тақырыбы - «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» болды. Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына да қатысты тапсырмалар айтылды. Сондықтан алдағы 7-10 күн ішінде барлық орталық мемлекеттік органдардың жұмыс кестесі анықталып, 2016 жылдан бастап Жолдауды жүзеге асыруға кірісеміз», - деді депутат Р.Сәрпеков.