Президент Жолдауы дағдарысты және жаңа қиындықтарды көп болып бірігіп еңсеру үшін маңызды да қуатты серпін болды ? сарапшы пікірі

АЛМАТЫ. Наурыздың 7-сі. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - ҚР Президентінің осы Жолдауы бүгінгі дағдарыс жағдайында аса өзекті.
None
None
Қазіргі қиындықты көп болып бірігіп еңсеру және жаңа тықсыруға қарсы тұру үшін бұл өте маңызды да қуатты серпін болды. Президент айтқандай, Қазақстан бұл дағдарыстан қысылмай шығады, тарихта мысалдар аз емес, ел өршіп тұрған дағдарысқа ендеп бойлаған сайын, одан өз пайдасын тауып жатады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университетінің аға оқытушысы, экономика ғылымының кандидаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Гүлнара Аннакулиева айтты. Теңгенің девальвациялануы, экономиканың модернизациялануы, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау ? бұлардың барлығы сөз жоқ, дағдарысқа қарсы маңызды шаралар. Дегенмен Жолдаудағы өзекті мәселелердің қатарына зейнетақы мен басқа да әлеуметтік төлем түрлерінің алдағы уақытта өсетіндігі турасындағы әлеуметтік мәселелердегі мемлекеттік міндеттемелердің сақталуын қосқан болар едім. Сонымен қатар, Президент қаржыны үнемдеу секілді маңызды жайтты да қозғады: «100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасы бойынша жаңа нысандар тұрғызудың орнына қаржы көзін қолданыстағы мектептер мен ауруханаларды жөндеуге бағыттау туралы айтты. Бұл, мәселені дұрыс шешуге әкеледі. Сонымен қатар, билік органдарының жаңа жұмыс орындарын ашуға, жұмыссыздықты жоюға бағытталған қадамдарын өте дұрыс және қажетті шара деп ойлаймын», - дейді Г.Аннакулиева. - Президент ең ірі қоғамдық ұйым ? Қазақстан халқы Ассамблеясына ерекше маңыз аударып отыр. Мемлекет басшысы оның шешуші рөлін атап өтті және бұл мақтаныш сезімін ұялатады, жауапкершілік жүктейді. Шынында да Қазақстанның барлық халқының құқы бірдей, бір-бірімен байланысты екендіктерін сезінеді, олар бүгінгідей дағдарыс жағдайында бір-біріне қол ұшын созуы керек. Осындай қарым-қатынас пен өзара түсіністік бізді барлық қиындықтан алып шығады, - деп есептейді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
Соңғы жаңалықтар