Президент Жолдауы Қазақстанның адами капиталының дамуын жаңа деңгейге көтереді - А. Ешмұратов
«Қазақстан Президентінің Жолдауы біздің елде дәстүрге айналды және елдің даму бағытын анықтап беретін бұл оқиғаны баршамыз күтетініміз рас. Жаһандық экономикадағы аса ауыр кезеңде, Жолдау әлемдік қауіп-қатерлерге берген жауап болды», - деді сарапшы.
Оның ойынша, нақты экономикалық тапсырмалар мен бастамаларға қарамастан, Жолдау елдің әлеуметтік құжаты болып табылады.
«Себебі Жолдауда, барлық экономикалық қиындықтарға қарамастан, ең басты басымдық адами капиталдың дамуына салынған», - деді А. Ешмұратов.
Ол сонымен қатар бұл шешімдер арқылы Қазақстан Президенті елдің даму жолын айқындау барысында жаңа әлеуметтік саясатқа ерекше мән бергендігін нақтылады.
«Барша әлемде адамдардың кірістері төмендеген дағдарыс кезінде Президент 2016 жылдан бастап, жалақыны білім беру саласында - 28 пайызға, денсаулық сақтау - 29 пайызға көтеруді тапсырды. Жаңа Жолдауда атап көрсетілгеніндей, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, зейнетақы мөлшері инфляциядан 2 пайызға жоғары деңгейге көтерілмек. Мұндай ешбір елде жасалып жатқан жоқ», - деп атап өтті институт басшысы.
Айта кетейік, 2016 жылы әлеуметтік өтемақылар 25 пайызға, «Б» корпусының мемлекеттік қызметкерлерінің жалақысы - 30 пайызға жоғарылатылады. Сондай-ақ 2017 жылы кәсіби-техникалық білім беру тегін болады.
«Меніңше, Жолдау Қазақстанның адами капиталының дамуын жаңа деңгейге көтеріп, елдің әлеуметтік жаңғыртуына жаңа серпін береді», - деп түйді сөзін сарапшы.