Президент Жолдауының толық нұсқасы телеарнадан көрсетіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21:30-да мемлекеттік телеарналардың эфирінен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауының толық нұсқасы көрсетіледі. Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.