Президент жұмыс сапарымен Алматы облысына барды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы облысына барды, деп хабарлайды Ақорда.

а
Фото: Ақорда

Сапар аясында Президент Алатау қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізеді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысанды аралап, олардың қызметімен танысады.

Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Гонконг Арнаулы әкімшілік ауданы Әкімшілігінің Басшысы Джон Лимен кездесті.