Президент Зиязин бен Хайсам Әл Саидты «Достық» орденімен марапаттады

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин мен Хайсам Әл Саидқа «Достық» орденін тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент Зиязин бен Хайсам Әл Саидты «Достық» орденімен марапаттады
Фото: Ақорда

– Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Оман арасындағы ынтымақтастықты және халықтарымыздың өзара достығын нығайтуға қосқан үлесі үшін Премьер-министрдің орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саидты I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, - делінген хабарламада. 

Президент Зиязин бен Хайсам Әл Саидты «Достық» орденімен марапаттады
Фото: Ақорда
Президент Зиязин бен Хайсам Әл Саидты «Достық» орденімен марапаттады
Фото: Ақорда

Бұған дейін Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саидты қабылдағанын жазған едік.