Президентікке кандидат Сәлім Өтен мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігі жөніндегі сынақты бүгін тапсыратын болды

АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін түстен кейін Президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвисткалық комиссияға емтиханды Президенттікке кандидат Сәлім Өтен тапсырады.
None
None

Бұл туралы бүгін журналистермен сұхбаттасқан лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, Сәлім Өтен өзін-өзі ұсыну жолымен өзін кандидат ретінде тіркеу жөнінде Орталық сайлау комиссиясына алғаш болып өтініш түсірген азамат. Осыған қарай оның Президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі комиссияға емтихан тапсыру мерзімі де өзге кандидаттардан бұрын белгіленді. Алайда С.Өтен емтихан өтетіндігі жөнінде алдын ала ескертілгенімен емтиханға уақытында келе алмай Орталық сайлау комиссиясына емтиханды кейінге шегере тұру жөнінде өтініш берген болатын.

Соңғы жаңалықтар