Президентке «А» корпусын жетілдіру ұсыныстары таныстырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасына «А» корпусы басқарушылар институтын жетілдіру бойынша ұсыныстар таныстырылады. Бұл туралы бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа мәжілісінде осы ведомствоның төрағасы Қайрат Қожамжаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Президентке «А» корпусын жетілдіру ұсыныстары таныстырылады

«Жинақталған тәжірибені ескере отырып, «А» корпусы басқарушылар институтын жетілдіру қажеттілік етеді. Президент Әкімшілігімен бірлесе тұжырымдамалық ұсынысты әзірледік және ол Мемлекет басшысының қарауына енгізіледі. Бұл өз кезегінде «А» корпусында лауызымдар санын қысқартуға қатысты болады. Атап айтқанда, бұл топта жауапты хатшылар, министрліктердегі комитет төрағалары, өңірлер орталығында аппарат жетекшілері, аудан және қала әкімдері ғана қамтылып, сақталады. Бос орындарды тікелей конкурс жолымен жеткілікті тәжірибесі мен қажетті құзыреті бар қызметкерлер алмастырады. Сонымен қатар бүгінде «А» корпусының резерві пайдаланылады. Бұндай қадам толықтай карьералық модельдің ұстанымдарына жауап береді»,-деді Қожамжаров.

Оның сөзіне қарағанда, алдағы жылдан бастап нәтижеге байланысты болатын еңбекті төлеудің жаңа жүйесіне көшу жоспарланып отыр. Осы орайда агенттік басшысы өңірлерде мемлекеттік органдардың мақсатты индикаторларына жету бойынша әрбір лауазымға бағалаудың өлшемді әрі нақты белгісін әзірлеп шығуы керектігін атап өтті.