14:29, 24 Сәуір 2026 | GMT +5
AI Research University оқу үдерісі 1 қыркүйекте басталады
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысына AI Research University тұжырымдамасы таныстырылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, зерттеу университеті Alem.ai базасында орналасады.
Студенттер alem.cloud, AlemLLM секілді ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымын және Astana Hub ресурсын пайдалана алады.

Оқу үдерісін биыл 1 қыркүйектен бастау жоспарланып отыр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қасым-Жомарт Тоқаев 14 өңірде Tomorrow School желісін ашты.