Президентке «Халық қаһарманы» атағын бере отырып, оның есімімен байланысты жетістіктер үшін бүкіл халықты құттықтай аламыз - сенатор Ғ. Қасымов

None
None
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Біз бүгін Н. Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын бере отырып, оның есімімен байланысты жетістіктер үшін бүкіл халықты құттықтай аламыз.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын беруді қамтамасыз ететін заңды талқылау барысында өз пікірін білдірген сенатор Ғани Қасымов осылай мәлімдеді.

«Қазақстанның патриоттар партиясының өкілі, сенатор, Мемлекет басшысының сенімі білдірілген адам ретінде өз пікірімді айтқым келеді. 20 жыл бойы Қазақстанның сатылап дамуының арқасында еліміздің мемлекеттік аумақтық тәуелсіздігі нығайып, елдігіміздің жаңа бет-бейнесі айшықталды. Сонымен қатар, БҰҰ-ға мүше бола отырып, біздің мемлекеттігіміздің тарихында тұңғыш рет халықаралық құқық субъектісіне айналдық», - деді сенатор Ғ. Қасымов. Депутаттың айтуынша, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елдігімізге көптеген қатерлер төнді. Бір ғана ядролық қарусыздану мәселесінің өзі Қазақстан басшылығынан үлкен қайратшылдықты талап етті.

«Осы жылдары Президентпен бірге еңбек ету мен үшін өмірімнің ұлы сабақтарына айналды. Сондықтан да «Халық қаһарманы» атағы Елбасына әбден лайық деп білемін. Бұдан бөлек, көптеген елдердің көшбасшылары өздерінің еліндегі ең жоғары атақтармен біздің Президентті марапаттап та қойған. Сондықтан да, Президентті әлем мойындайды, әлемдік саяси аренада Оның қайраткерлігі мойындалады. Ендеше, міне бүгін осы күн келіп жетті. Біз бүгін Н. Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын бере отырып, оның есімімен байланысты жетістіктер үшін бүкіл халықты құттықтай аламыз», - деді сенатор.

Соңғы жаңалықтар
telegram