Президентке халық тарапынан түскен сауалдардың саны 1 мыңнан асты

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Халық тарапынан түскен сауалдардың басым бөлігі тұрғын-үй және коммуналдық-шаруашылық мәселелерін, Астанадағы және аймақтардағы үлескерлер проблемасын, жас отбасыларға баспана беру және мемлекеттік бағдарламаны жалғастыру жайын қамтиды. Осыдан кейін халықтық әлеуметтік қорғау және сан алуан тақырыптағы сауалдар көптеп тіркелген.
Естеріңізге сала кетейік, қарашаның 13-і күні ҚР Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан», «Хабар», «Астана қалалық теледидары» телеарналары және «Қазақ радиосы» мен «Астана радиосы» бойынша өтетін тікелей эфирде азаматтардың телебайланыс, телефон интернет және СМС хабарламалары арқылы түскен сұрақтарына жауап беретін болады. Сауалдарды 555-777 телефон нөміріне және KCell, Beeline, Neo ұялы байланысын пайдаланушылар үшін 1111 нөміріне СМС хабарламаларын жолдауға болады. Сондай-ақ көкейдегі сұрақтарды vopros@akorda.kz электрондық мекенжайына жібере аласыз.
«Тікелей желі» барысында жауап берілмей қалған сұрақтарға тиісті мемлекеттік органдардың жауаптары дайындалып, осы сайтқа орналастырылатын болады.