Президентке «Қорғау» мобильді қосымшасының жұмыс істеу приниципі көрсетілді

None
Фото: t.me/aqorda_resmi
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысына «Қорғау» мобильді қосымшасының жұмыс істеу приниципі көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың желідегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Аталған қосымша жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өрескел құқықбұзушылармен күресуге арналған.

Полицияның планшетіне маңайда жүрген «қауіпті» жүргізуші туралы хабарлама бірден келеді. Осылайша, «қауіп төндіретін топтармен», яғни жол жүру ережесін жиі әрі әдейі бұзатын жүргізушілермен жеке жұмыс жүргізіледі.

Бұл бағдарлама тиімділігін дәлелдеді. Бүгінде еліміздің 16 аймағында және кейбір моноқалаларда қолданылады.


Соңғы жаңалықтар