ПРЕЗИДЕНТТЕН ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ: Елбасы құттықтауы - ТМД президенттеріне үлгі боларлық оң қадам
Осы жылдың ТМД елдерінде «Ардагерлер жылы» деп жариялануы, олардың қайталанбас, жанқияр ерліктерінің алдында ұрпақтарының бас июі.
Желтоқсанның 20-30 аралығында Қазақстан Республикасында аса құрметті Елбасымыздың Ұлы Отан соғысы ардагерлерін қолдаудың жалпыұлттық акциясы өтуде.
Елбасымыздың тапсырмасына орай, облыс, қала, аудан, ауыл әкімдері соғыс ардагерлеріне дайындалған сый-сияпаттарды арнайы өздері барып табыс етеді.
Мұндай шара осыған дейін ТМД елдерінде іске асырылған емес. Осыған байланысты еліміздегі 5 115 қарт майдангердің әрқайсысы Мемлекет басшысының құттықтау хаты мен сыйлығын алады.
Әрқашан өткен тарихымызға құрметпен қарауды насихаттап отыратын Елбасы, биыл Жаңа жыл алдында өзгелерге үлгі болатын ерекше тарихи мәні бар бастама көтерді. Құттықтау хатты иеленіп жатқан ардагерлердің, Қазақстан Республикасын өз Отаным деп санайтын әрбір қазақстандықтардың атынан Мемлекет басшысына ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтамыз!
Барша қазақстандықтарға келе жатқан Жаңа жылда табыс, елімізге тыныштық тілейміз!