ПРЕЗИДЕНТТЕН ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ: Қазақстанда майдангерлерге үлкен сый-құрметпен қарайды - М. Полторацкая

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ардагерлерге жақсы сый-құрметпен және қамқорлықпен қарайды. Бұл туралы елордалық қарт майдангер Мария Полторацкая ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Биыл - Ұлы Жеңіске 70 жыл. Сонымен қатар, ТМД бойынша 2015 жыл Ардагерлер жылы болып бекітілді. Осы орайда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

«Қазақстанда тұрып жатқан ардагерлер мәселесіне Президент үнемі көңіл бөліп келеді. Осы орайда осындай қамқорлық үшін өзімнің алғысымды білдіргім келеді. Жалпы алғанда, біздің мемлекетте ардагерлерге үлкен сый-құрметпен және қамқорлықпен қарап келеді. Бұл тұрғыда еліміз өзге мемлекеттерге қарағанда едәуір жоғары тұр»,-деді қарт ардагер.

Айта кетейік, М. Полторацкая 1942 жылы майданға өз еркімен аттанған және Қара теңіз флоты құрамында 1946 жылға дейін соғысқан.

Соңғы жаңалықтар
telegram