Президенттер Тәжікстандағы мәдениет күндеріне арналған салтанатты концертті тамашалады

ДУШАНБЕ. KAZINFORM – «Кохи Борбад» сарайында өткен гала-концертте Қазақстан мен Тәжікстанның өнер майталмандары, соның ішінде Astana ballet балет труппасы мен симфониялық оркестрі, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының хоры, Hassak этно-фольк тобы және тағы да басқа шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.  

Концерт
Фото: Ақорда

Сахнада қос халықтың танымал музыкалық шығармалары мен әлемдік классика репертуарынан үзінділер орындалып, хореографиялық композициялар ұсынылды.

Касым-Жомарт Токаев и Эмомали Рахмон посетили концерт в честь открытия Дней культуры Казахстана
Фото: Ақорда

Бауырлас тәжік халқы Димаш Құдайберген, Айгүл Үлкенбаева, Темірлан Бейсембай (Ratovich), «El Voice» тобы, Фарух Тохтамуратов (Adam) сияқты мәдениет қайраткерлерінің өнерін тамашалады.

Димаш
Фото: Ақорда
Касым-Жомарт Токаев и Эмомали Рахмон посетили концерт в честь открытия Дней культуры Казахстана
Фото: Ақорда

Қазақстанның мәдениет күндері аясында Душанбе, Худжанд және Бохтар қалаларында мәдениетаралық байланыстарды кеңейтуді көздейтін бірқатар маңызды іс-шара өтеді.

Касым-Жомарт Токаев и Эмомали Рахмон посетили концерт в честь открытия Дней культуры Казахстана
Фото: Ақорда

Осы аптада Әбілқасым Фирдауси атындағы мәдениет және демалыс саябағында қазақтың бас ақыны, хәкім Абай Құнанбайұлының ескерткіш-бюсті салтанатты түрде ашылды.

Касым-Жомарт Токаев и Эмомали Рахмон посетили концерт в честь открытия Дней культуры Казахстана
Фото: Ақорда
Концерт
Фото: Ақорда
Димаш
Фото: Ақорда
Касым-Жомарт Токаев и Эмомали Рахмон посетили концерт в честь открытия Дней культуры Казахстана
Фото: Ақорда
Концерт
Фото: Ақорда
Касым-Жомарт Токаев и Эмомали Рахмон посетили концерт в честь открытия Дней культуры Казахстана
Фото: Ақорда
Касым-Жомарт Токаев и Эмомали Рахмон посетили концерт в честь открытия Дней культуры Казахстана
Фото: Ақорда
Душанбе
Фото: Ақорда
Концерт
Фото: Ақорда

Бұдан бөлек, Ұлттық музейдегі бірегей жәдігерлерден жасақталған қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің көрмесі және отандық кинематографтар түсірген фильмдердің көрсетілімі ұйымдастырылды.