Президентті сайлау арқылы болашағымызды айқындаймыз: Мұнайшылар дауыс берді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау мұнайшылары Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында өз таңдауларын жасап жатыр. Өндірістік цехтардың еңбек ұжымдары жұдырықтай жұмылып, ел болашағы үшін дауыс беру мақсатында сайлау учаскесіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Президентті сайлау арқылы болашағымызды айқындаймыз. Мұнайшылардың сайлауға белсенді қатысып, өздерінің конституциялық құқығын пайдаланғаны қуантады. Мен Қазақстанның болашағы жарқын болады деп сенемін», - деді мұнайшы Еділ Бекмұратов.

Вахтадағы Маңғыстау мұнайшылары таңғы 6-дан бастап сайлау учаскелеріне барып дауыс берді.

«Бүгін Қазақстан үшін маңызды науқан өтіп жатыр. Ел болашағының жарқын болуына септігін тигізеді деп ойлаймын. Сайланған Президентіміздің жұмысының жақсы болуын халық болып тілейміз», - деді мұнайшы Хасан Бектілеу.

«ҚР Президенттігінің сайлауында мен өз дауысымды бердім. Әр адам өз азаматтық көзқарасын білдіруге құқылы деп ойлаймын», - деді мұнайшы Нұр Тұрарбекұлы.

Байқаушылар сайлаушылардың дауыс беруге қарқынды қатысып жатқанын, ұйымдастыру деңгейінің жоғарылығын айтып отыр. Жалпы сайлауда патриотизм мен бірлік рухы анық сезіледі.

Айта кету керек, вахтааралық демалыста жүрген мұнайшылар мен орталық кеңсе қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша учаскелерде дауыс беруде.


Соңғы жаңалықтар