16:57, 27 Мамыр 2009 | GMT +5
Президенттік мәдениет орталығында «Менің отбасым» атты балалар суреттермесінің көрмесі ашылады
АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Сайлау Абылаев/ - Мамырдың 29-ында Астанадағы ҚР Президенттік мәдениет орталығында «Менің отбасым» атты балалар суреттерінің көрмесі ашылу салтанаты өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл шара Балаларды қорғаудың халықаралық күнінің 60 жылдығына орайластырылып отыр. Көрменің мақсаты ? елордамыздың жас таланттарына қолдау көрсету, өскелең ұрпақтың шығармаларын көпшілікке таныстыру. Оған Астана қаласы Балалар сурет мектебінің ? ЮНЕСКО клубының халықаралық, республикалық, қалалық байқаулары жеңімпаздары мен үміткерлерінің 60-тан астам еңбектері қойылғалы отыр. Шараның ашылуына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Астана қаласы білім департаментінің, республикалық БАҚ өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысады. Көрме маусымның 12-сіне дейін жалғасады.