Президенттік мәдениет орталығында суретші Кәміл Моллашевтың мерейтойлық жеке көрмесі ашылады

деп хабарлайды аталмыш орталықтың баспасөз хатшысы Отар Гүлжаһан.
Көрмеге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халық суретшісі, академик К. Моллашевтың қылқаламынан шыққан 100-ден астам туындылары қойылған. Солардың арасында әлі бояуы кеуіп үлгермеген қазақ тарихындағы айтулы тұлға, үш жүздің басын қосқан Абылай ханның бейнесі (2009 ж.) айрықшаланып тұр. Автор бұл еңбегі арқылы Абылай ханның ішкі ойын, қазақ тарихындағы сол кезеңді, ел билеушісінің күрделі әрі қарама-қайшылықты тоғыстырған образын беруге жан-жақты ашуға еңбек сіңірген.
Сондай-ақ әр жылдары дүниеге келген өнер туындылары - «Жыл мезгілі. Көктем», «Жыл мезгілі. Күз», «Ауылдың тойы», «Жаратушының ақылды бірқазанмен айтысы», «Қазан патшайымы тағының алдында», «Шығыс әуендері», «Бишінің портреті», «Бақшадағы талтүс кезі», «Көктем биі», «Босқындар», «Аула», «Сахнаға шығар алдында», «Шопан», «Таң», «Пуштун тайпасының қызы», «Қалыңдықтар», «Пальмираның салтанат қақпасы», «Маалюля қаласы», «Бабырдың зираты», «Жауынгер ауғандық», «Ежелгі Пальмира қаласы», «Аттила», «Бақыт құсы», «Кешкі күнге бөленген мәңгілік сәт», «Қыздың әңгімесі», «Тарбағатай таулары»,«Ауған жауынгерлері», «Бауырластар зиратының қасында», «Дамаск көшесі», «Бейтаныс қыздың портреті» және т.б.шығармаларыосы көрмедан орын алған. Сондай-ақ бұған дейін еш жерде көрсетілмеген автордың ертеректегі (1954-1956 жж.) дүниеге келген өнер туындылары да осында.