Президенттік мәдениет орталығында «Тәуелсіздік жемісі» атты кітаптың тұсаукесері өтеді
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат. 2011 жылдың 5 қазаны сағат 17.00 - де ҚР Президенттік мәдениет орталығының концерт залында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналып жарық көрген, шетелдік қандастарымыздың тыныс-тіршілігінен хабар беретін «Тәуелсіздік жемісі» атты кітаптың тұсаукесері және соған орай «Әдебиет және ізгілік» клубы ұйымдастырып отырған «Тәуелсіздік жемісі» атты мәдени шара өтеді.
Кітаптың құрастырушы авторы ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Әдебиет және ізгілік» клубының жетекшісі Мұратхан Шоқан.