Президенттік мәдениет орталығында «Ұлбике» музыкалық-драмалық қойылымы Астана көрермендеріне ұсынылады

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Сайлау Абылаев/ - Наурыздың 4-інде Астанадағы Президенттік мәдениет орталығында Мырзатай Жолдасбеков пен Несіпбек Айтұлының «Ұлбике» музыкалық қойылымы көрермендер назарына ұсынылады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл шығарма 19-шы ғасырда Сыр бойында өмір кешкен айтыс ақыны, әнші, домбырашы Ұлбике Жанкелдіқызының қайғылы тағдыры туралы сыр шертеді. 12-13 жасынан шаршы топқа түскен Ұлбике Ізтілеу, Серәліқожа, Майлықожа, Мәделіқожа, Таспа ақындармен айтысқан, әсіресе оның Күдеріқожа Көшекұлымен айтысы есімін елге танытты. Оның бұл айтысын В.В.Радлов жазып алып, жарыққа шығарған, кейіннен орыс, неміс тілдеріне аударып жариялаған. «Таңдайына өлең ұя салған» Ұлбике туралы кезінде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Әбубәкір Диваев сияқты белгілі фольклоршылар жақсы пікірін айтқан. Қойылым барысында Ұлттық дәстүрлер театрының фольклорлық ансамблі мен бишілер тобы өнер көрсетеді. Музыкалық-драманың қоюшы режиссері ? Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәулебек Асылханұлы, композиторы ? Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Алтынбек Қоразбаев. «Қойылымның мақсаты ? қазақ халқымен бірге жасасып, бүгінгі күнге жеткен орындаушылық өнердің тұтас жиынтығын - әншілік, күйшілік, бишілік, айтыскерлік, шешендік сөз бен басқа да ауыз әдебиеті үлгілерін өнер тілімен жеткізу арқылы халықымыздың сан ғасырлық ұлттық дәстүрін, салт-санасын ұрпаққа үлгі ету», - дейді орталықтың баспасөз хатшысы Гүлжаһан Асанкелдіқызы.
Соңғы жаңалықтар