Президенттік мәдениет орталығында Жолдау жүктеген міндеттерді түсіндіруге арналған республикалық кеңес өтті
СТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат - Мәдениет және ақпарат министрі Жолдау жүктеген міндеттерді түсіндіруге арналған республикалық кеңес өткізді.
Астанадағы Президенттік мәдениет орталығында бейсенбі, ақпанның 18-інде өткен шараға Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің басшылығы, жауапты хатшылар, вице-министрлер, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері, жоғары оқу орындарының ректорлары, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының редакторлары, «Нұр Отан» партиясының және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кеңесте Жолдау жүктеген мәселелерді түсіндіру шараларын ұйымдастырудың негізгі жолдары талқыланды, түрлі әлеуметтік топтармен жұмыс бойынша ұсыныс-кеңестер талдап жасалды. Ақпараттандыру жұмыстарын жүргізудің, оның ішінде республикалық ақпараттық-насихаттау топтары үшін, ең оңтайлы форматтары мен әдістері анықталды. Атап айтқанда, республикалық ақпараттық-насихаттау топтарының жұмысын көбірек өндірістік кәсіпорындар мен селолық аудандарына негіздеу туралы ұсыныс жасалды. Оған қоса, іс-шаралар аясында экономика, индустрияландыру, білім беру, әлеуметтік қорғау сияқты нақты салалар бойынша Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру бойынша түсіндірмелер берілді.
Семинарда Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары М.Әшімбаев, Мәдениет және ақпарат министрі М.Құл-Мұхаммед, Индустрия және сауда министрі Ә.Исекешев, Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Әбдіхалықова, «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының хатшысы Е.Қарин, Қостанай облысы әкімінің орынбасары С.Бектұрғанов, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры М.Мамраев сөз сөйледі.
Сондай-ақ, сыртқы істер, денсаулық сақтау, туризм және спорт министрліктерінің құрылымдық бөлімдерінің басшылары да Жолдауды жүзеге асырудың барысы жөнінде сөз сөйледі.