19:10, 10 Ақпан 2011 | GMT +5
Президенттік мәдениет орталығының қызметкерлері Елбасы Жолдауын талқылады
АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы Президенттік мәдениет орталығында алқалы жиын өтіп, онда аталған мекеменің қызметкерлері Елбасының ағымдағы жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.
Ұжым алдында сөз алған орталық директоры Мырзатай Жолдасбеков еліміздің әлемдік аренада кеңінен танымал болуына сіңірген Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың ерен еңбегін баса айтты.
Сондай-ақ ол ертең «Нұр Отан» партиясының 13 съезі өтетіндігін айта келе: «Сол съезде менің ойымша, Елбасын партия атынан Президенттікке кандидат ретінде ұсынамыз», - деді.
М.Жолдасбековтың пайымынша, ҚР Президентінің ағымдағы жылғы Жолдауы сайлауға түсетін кездегі бағдарламасының негізі болуы мүмкін.