Президенттік сайлаудан кейін Қазақстанда атқарушы билік жаңартылады - Е.Ертісбаев
МӘСКЕУ. 25 наурыз. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - 3 сәуір күні өтетін Президенттік сайлаудан кейін қалыптасқан дәстүр бойынша ҚР Президентіне жаңа кадрлық тағайындаулар жасауға мүмкіндік беру үшін Үкімет те, атқарушы билік те отставкаға кетеді,
деп мәлім етті Мәскеудегі РИА «Жаңалықтарда» өткен брифинг барысында ҚР Президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев.
«Менің ойымша, жаңа үкімет құрылып, аймақтарда бірқатар кадрлық өзгерістер болады. Президент жыл сайын батыс елдерінде жоғары білім алған, қазіргі таңда ұлттық компанияларда, жергілікті билік органдары мен Үкіметте, жеке бизнесте жұмыс істеп жүрген жастар арасынан жаңа мамандарды тартады», - дейді Елбасының кеңесшісі.
«ҚР Конституциясына сәйкес, сыртқы және ішкі сясатты Мемлекет басшысы анықтайтын болады, адамдарды қызметтерге нақты тағайындайтын да Елбасы болады», - деп қорытты Е.Ертісбаев.