Президенттік сайлауды биыл өткізген өте дұрыс шешім болды - Сенат депутаты
АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Сенатор Тасбай Симамбаевтың пікірінше, Президенттік сайлауды биыл өткізген өте дұрыс шешім болды. Бұл туралы ол Парламент Сенатының жалпы отырысынан соң журналистерге берген сұхбатында айтты.
«Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлау өткізуге келісімін бергені дұрыс та болды. Себебі бізді келесі жылы Мәслихат сайлауы мен Мәжіліс сайлауы сияқты үлкен де жауапты науқандар күтіп тұр. Бұл өз кезегінде мемлекеттің бюджетіне де салмақ түсіретін шаралар. Сондықтан Президенттік сайлауды биыл өткізген өте дұрыс шешім болды. Біз бүгін Президент сайлауын ұйымдастыруға қажетті заңнамалардың барлығын қабылдадық. Енді тек сайлаудың өтетін күнін белгілеп алып, кезектен тыс сайлауға дайындала беру керек», - деді депутат.