11:04, 12 Ақпан 2011 | GMT +5
Президенттікке кандидат Амантай-қажы Асылбек бүгін мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін дәлелдеу үшін сынақ тапсырады
АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Президенттікке кандидат "Аттан, Қазақстан" қозғалысының жетекшісі Амантай-қажы Асылбек Президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияға емтихан тапсырады.
Амантай-қажы Асылбек Орталық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну жолымен өзін кандидат ретінде тіркеу жөніндегі өтінішін 10 ақпан күні берген болатын. Амантай-қажы Асылбек «Аттан, Қазақстан» қозғалысының жетекшісі және ол Президенттіке кандидат ретінде төртінші болып өтініш берді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Орталық сайлау комиссиясына барлығы 5 кандидат өтініш берді.