Президенттікке кандидат Уәлихан Қайсаров осы уақытта мемлекеттік тілді меңгеру жөнінен арнайы сынақтан өтуде

АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Уәлихан Қайсаров осы уақытта мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның сынынан өтіп жатыр.
None
None

Аталмыш комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбековтың айтуынша, комиссия Президенттікке кандидаттың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін 3 түрлі сынақ бойынша анықтайды. «Уалихан Қайсаров мұндай емтиханнан Президенттікке кандидат ретінде бұрын да өткен болатын. Сондықтан ол бұл жолы да сыннан сүрінбей өтуі тиіс», - деді комиссия төрағасы.

Оның сөзіне қарағанда, кандидат бірінші жазба жұмысы бойынша комиссия талаптарын орындап, бұдан соң 15 минуттық мәтін оқиды. «Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік тілде халықпен еркін сөйлесе алуы керек. Сондықтан сынақ барысында мемлекеттік тілде қаншалықты еркін сөйлетіндігіңізді де көрсетесіз»,-деді М.Жолдасбеков У.Қайсаровқа.

Уәлихан Қайсаровтың сөзіне қарағанда, ол бүгінгі сынаққа жақсы дайындықпен келіп отыр. «Мемлекеттік тілге байланысты өтетін сынақ талаптары бұл жолы қатайтылған. 2005 жылғы Президент сайлауында сынақ 3 сағатқа созылса, қазір сынақ талаптарын небәрі 1 сағатта аяқтау қажет. Яғни мен бүгін осы уақытта шығарма жазып та, мәтін оқып та, мінберден сөйлеп те үлгеруім керек. Менің пайымдауымша, емтиханда бірнеше классик жазушылардың шығармалары болады», - деді кандидат.

Соңғы жаңалықтар