Президенттікке кандидат Ж.Ахметбеков елорданың базарларын аралап, сайлаушылармен кездесті

АНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін президенттіктен үміткер Жамбыл Ахметбеков елорданың «Астаналық» (бұрынғы Артем), Орталық және Шанхай базарларын аралап,

Президенттікке кандидат Ж.Ахметбеков елорданың базарларын аралап, сайлаушылармен кездесті

азық-түлік бағасымен танысты.

Сонымен қатар сайлаушылармен кездескен ол: «Менің ойымша, Үкімет дәл осы орталық базарларға азық-түлік жеткізуді реттеуді ойланғаны дұрыс. Астана қаласында 4-5 негізгі базар бар. Бұл базарларда баға тауардың өзіндік құны мен рентабельдігіне емес, сатушының қандай баға қоюына байланысты әртүрлі болып отыр», - дейді ол.

Шара барысында президенттікке кандидаттың өкілдері үгіт-насихат парақтарын таратты. Ж.Ахметбеков сайлауалды тұғырнамасында зейнетақыны 120 мыңға, орташа жалақыны 300 мың теңгеге дейін көтеруді уәде етеді. Сондай-ақ ол қазақстандық жоғары оқу орнын бітірген түлектерді ең бірінші жұмысқа орналастыруға мемлекеттік кепіл енгізуді қолға алмақ.