Президенттікке кандидаттар қарсылық білдірсе, лингвистикалық комиссияның шешімін ұдайы жария етіп отырамыз - ОСК
комиссияның фактілерін көпшілікке жария етіп отырады. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында аталмыш комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, Орталық сайлау комиссиясы Уәлихан Қайсаровты Президенттікке кандидат ретінде Конституция мен «ҚР Сайлау туралы» заңның талаптарына сәйкес емес деп тапты. «Осыдан кейін бұрынғы кандидат бұны «саяси тапсырыс» деп жариялап, лингвистикалық комиссия өкілдерін «асыра сілтеп отыр» деп көпшілік алдында айыптады.Сондықтан біз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы лингвистикалық комиссияның У. Қайсаровқа қатысты шығарған шешімін жария етуге мәжбүр болдық. Біз лингвистикалық комиссияға кандидаттар тарапынан қандай да бір кінә тағылған жағдайда осындай тәжірибені алдағы уақытта да қолданымыз»,-деді Қ. Тұрғанқұлов.