Президенттікке өзін-өзі ұсынғандардың қол жинау мүмкіндіктері шектеулі болып отыр- Қ. Тұрғанқұлов
АНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың сөзіне қарағанда, кезектен тыс Президенттік сайлауға қатысу үшін өздерін-өздері ұсынған азаматтардың қажетті қол жинау мүмкіндіктері шектеулі болып отыр.
ОСК төрағасының сөзінше, саяси партиялардың еліміздің әр аймағында өкілдіктері бар. Олар өздері ұсынған кандидаттарға тиісті қол жинау үшін айтарлықтай жұмыс жасайды. Ал аймақтарда өкілдері жоқ, өзін-өзі ұсынған азаматтардың қол жинау мүмкіндіктері шектеулі болып отыр.
«Айталық, қазір Президенттікке үміткер Сәлім Өтен еліміздің небәрі 5 өңірінде ғана өзінің сенімді өкілдерін тіркеген. Ал қалған өңірлерде оның сенімді адамдары жоқ. Сондықтан, оның тиісті қолды қалай жинайтындығы белгісіз. Сондай-ақ Гүлдана Тоқпаеваның еліміздің бірде-бір өңірінде өкілі жоқ. Құрманғазы Рахметовтың 4 өңірде ғана сенімді өкілдері бар. Серік Сапарғалидың өкілдері еліміздің бір өңірінде ғана тіркелген. Соған қарамастан, үміткерлердің тиісті қол жинаулары үшін әлі де болса уақыттары бар»,-деді Қ. Тұрғанқұлов.