Президенттiкке үмiткерлер саны 27-ге жеттi
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн ҚР Орталық сайлау комиссиясына кезектен тыс президент сайлауына үміткер ретінде зейнеткер Біржан Жетіруұлы Ділмағамбет тіркелді.
«Тағы бір үміткер өз кандидатурасын ұсынды. 1961 жылы туған, қазақ, зейнеткер. Астана қаласында тұрады», - деді БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешев.
Айта кетерлігі, Біржан Жетіруұлы Ділмағамбет 2011 жылы да президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынған болатын. Дегенмен, ол ҚР президенттігіне үміткерлердің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау емтиханына қатысудан бас тартқан еді.