Президенттікке үміткерлердің сайлау алды компаниясы әр түрлі әлеуметтік топтарға бағытталған - М. Шибұтов
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Сайлау алды науқаны сайлаушылардың әр түрлі әлеуметтік және идеологиялық топтарға біріккендігінің арқасында бір қалыпты тыныш өтті. Ешқандай тәртіпсіздік орын алған жоқ. Бұл туралы ҚаАқпарат тілшісіне Шекара аумағындағы ынтымақтастық Қауымдастығының өкілі Марат Шибұтов мәлімдеді.
«Бұл сайлауалды науқаны дау-жанжалсыз өте тыныш өтті. Кандидаттар бір-бірін жамандап, қаралаған жоқ. Эфир уақытын бөлу туралы да ешқандай дау болған жоқ. Сайлаушылар тарапынан да ешқандай арыз-шағым айтылмады. Штабтардың сайлаушылармен кездесуі барысында қандай да бір арандатушылық оқиғалар тіркелмеді», - деді М. Шибұтов.
Ол сайлауалды науқанының бұлайша тыныш өтуіне бірнеше себептің барын жеткізді.
«Өйткені, біріншіден, сайлаушылардың саяси сауаттылығы артып келеді. Екіншіден, жаңа технологиялардың арқасында дау-жандалды жасырып қалу мүмкін емес. Бірден белгілі болады. Үшіншіден кандидаттар әр түрлі әлеуметтік және идеологиялық топтарға арқа сүйеп отыр. Сондықтан, олар бір алаңда кездесіп жатқан жоқ», - деді сарапшы.