Президенттіктен үміткер Қанат Есжанов мемлекеттік тілден емтихан тапсыруда

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Президенттіктен үміткер Астана қаласының тұрғыны, уақытша жұмыссыз Қанат Есжанов Президентікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтайтын лингвистикалық комиссиясына емтихан тапсыруда.
None
None

«16 миллион халықтың арасынан суырылып шығып, Президент болам деудің және Президент сайлауына қатысу туралы шешім қабылдаудың оңай емес екені белгілі. Мені болашақ ұрпақтарымыздың тағдыры қатты алаңдатады. Сондықтан да елдегі болып жатқан саяси үдерістерді сырттан бақылап отырғаннан гөрі, оның тікелей қатысушы болған дұрыс деген байлам жасап, осында келіп отырмын», - деді үміткер.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде тұрақты жұмысы жоқ азамат соңғы рет Әділет министрлігінің жабық акционерлік қоғамында маман, содан соң директордың орынбасары қызметтерін атқарған. Емтихан барысында үміткер шығарма жазу үшін «Тәуелсіздік белестері» тақырыбын таңдады.

Соңғы жаңалықтар