Президенттің арқасында ертеңгі күнге деген сенімділік бар - астаналық зейнеткер
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент қазақстандықтарға сенім ұялатады, деп есептейді елорданың 71 жастағы зейнеткері Лидия Сергеева. «Біз басымыздан көп жағдайды өткердік. Бүгін балаларым мен немерелерім үшін ғана өмір сүріп жатырмын. Күнде немерелерімді мектепке апарып-алып келемін. Сабақтарына көмектесіп, спорттық секцияларға барамыз. Жастардың білім алып, жан-жақты дамуы үшін елімізде барлық жағдай жасалған. Зейнеткерлер туралы да ұмытпайды. Бұл, әрине қуантады», - деді Л.Сергеева.
Ол әрдайым Елбасының халық алдында сөйлеуін асыға күтетінін айтты. «Кешкі жаңалықтарды көрмеген күнім болмады. Президенттің сөз сөйлеуін күтемін. Дағдарысқа қарамай мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттерін орындалатынын айтқаны жаныма жақты. Мемлекет басшысының арқасында бізде ертеңгі күнге деген сенім пайда болды. Барлық қазақстандықтар әрдайым бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп, жұмыс істеп, армандап, бақытты болса екен», - деп түйді Астана тұрғыны.