12:51, 19 Сәуір 2023 | GMT +5
Президенттің атына жазылған арыз-шағымдардың саны үш жылда 2 есе өсті - Тоқаев
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері Президент Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауында 811 адам болды. Бұл туралы елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа жылдан бері Президент Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауында 811 адам болды. Соның 730-ын кестеден тыс, яғни табан астында жедел түрде қабылдауға тура келді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы орайда Президент олардың арасында барлық аймақтың тұрғындары бар екенін айтты.
«Президенттің атына жазылған арыз-шағымдардың саны үш жылда 2 есе өсті», - деді Мемлекет басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысын жыл сайын бағалау жүйесін енгізу керек екенін тапсырды.