Президенттің бастамасымен қабылданған мемлекеттің даму бағдарламаларын іске асыру, оның идеялық дем берушісінің тікелей басшылығымен жүргізілуі нақты табыс кепілі бола алады - М. Көпеев

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгеріс енгізу туралы Заң жобасының тарихи мәні мен оның Қазақстанның одан әрі дамуындағы маңыздылығы Сенат пен Мәжілісте жан-жақты талқыланып, Парламенттің қос палатасы бірдей құжатты қолдады»,- деді бүгін Сенат төрағасының орынбасары Мұхамбетжан Көпеев Парламент палаталарының бірлескен отырысында.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде әлем мойындаған Қазақстанның зор экономикалық әлеуеті мен халықаралық аренадағы биік мәртебесі Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы қайраткерлігінің арқасы. «Әсіресе, еліміздің дамудағы нарықтық экономика және сындарлы сыртқы саясат қалыптастырудағы, қаржы-экономикалық дағдарысты еңсерудегі, ұлтаралық келісімді қамтамасыз етіп, азаматтық қоғам құрудағы Елбасының ерен еңбегі, көрегендігі мен табандылығын ерекше атау қажет. Ал Президенттің бастамасымен қабылданған мемлекеттің даму бағдарламаларын іске асыру, оның идеялық дем берушісінің тікелей басшылығымен жүргізілуі нақты табыс кепілі бола алады»,-деп атап көрсетті Сенат төрағасының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар