11:00, 23 Қазан 2020 | GMT +5
Президенттің қатысуымен Қазақстан судьяларының VIII съезі басталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы судьяларының VIII съезі басталды. Съезд жұмысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онлайн режимде өтіп жатқан съезд жұмысына Қазақстан Судьялар одағының делегаттары; халықаралық сарапшылар мен серіктес-ұйымдар; қоғам және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысып отыр.
Съезде сот жүйесін дамыту, атап айтқанда, судьялардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыру, кейбір қылмыс түрлеріне жазаны күшейту және тағы да басқа мәселелер талқыланады.