15:02, 07 Наурыз 2009 | GMT +5
Президенттің Қазақстан халқына қамқорлығы Жолдаудың әлеуметтік мәселелерінен айқын көрінеді ? Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университетінің ұжымы
АЛМАТЫ. Наурыздың 7-сі. ҚазАқпарат /Данияр Сиқымбаев/ - Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университетінің ұжымы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдағы жылғы наурыздың 6-ғы Қазақстан халқына кезекті Жолдауын ерекше көңіл-күймен қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Профессорлық-оқытушылық құрам мен студент жастар қоғамдағы әлеуметтік саланың уақыт өткен сайын жақсара түскенінің, тіршілік етуі тұрақтылық пен халықаралық ынтымақтастық принциптеріне негізделген мемлекетіміздің экономикасының дамып келе жатқандығының куәсі. Олар ҚР Президентінің Жолдауын толық қолдайды және саяси тұрақты және өз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған, қазақстандықтардың тұрмысының жылдан-жылға жақсартып келе жатқан елін мақтан тұтады. Бірінші кезектегі мәселе ретінде Мемлекет басшысы тоқтап қалмауды, алға қарай жылжуды, дағдарыстан кейінгі ел дамуын қамтамасыз ету үшін еңбекпен қамту стратегиясын жүзеге асыруды және экономиканы одан әрі модернизациялаудың жаңа жоспарын орындауды ұсынады. Біз өз Президентімізбен толық келісеміз, ал «Нұр Отан» партиясының қазіргі кезеңдегі басымдық белгісі ретінде Қазақстандағы саяси жүйенің оптималдық үлгісі қарастырылып отыр. Президенттің Қазақстан халқына қамқорлығы Жолдаудың әлеуметтік мәселелерінен айқын көрініс табады. Мемлекеттің әлеуметтік төлемақыларды өсіру және бюджеттік жалақы мөлшерін толық көлемде сақтау жөніндегі міндеттемелері толық орындалады. Мемлекет студенттерге қолдау танытып отыр. Студенттер үшін қосымша 11 мың грант пен 40 мың несие бөлді. Бұл Жолдау біздің ертеңгі күнге сенімімізді арттырады, мемлекет тарапынан бізге деген жанашырлықты жан-жақты сезінуге болады.