Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында халықтың тұрмысын жақсарту басты мәселе ретінде қойылды - Қазақ стратегиялық зерттеулер институтының директоры

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында халықтың тұрмысын жақсарту басты мәселе ретінде қойылды. Яғни экономиканың сапасы адамның өмір сүру сапасын жақсарту үшін іргетас ретінде қаралады, деді Қазақ стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтанов.

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында халықтың тұрмысын жақсарту басты мәселе ретінде қойылды - Қазақ стратегиялық зерттеулер институтының директоры

Б.Сұлтанов Н.Назарбаевтың сөзін қаңтардың 28-інде жасалған АҚШ президенті Барак Обаманың жыл сайынғы жолдауымен салыстырды.

«Егер салыстырмалы талдау жасасақ, екі жолдауда да әлемдік қаржы дағдарысына, экономикалық дамуға байланысты негіздеп айтылған», - деді Б.Сұлтанов.

Солай болғанымен, екі президенттің де сөйлеген сөздерінде басты бағдар азаматтардың мүдделерін қорғау болып табылады. Мысалы, Мемлекет басшысы да және АҚШ президенті де денсаулық сақтау сапасын жақсарту қажеттігін атап айтты.

Қазақ стратегиялық зерттеулер институтының директоры екі президенттің де міндеттерді дәл көрсетіп бергенін атады - бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздікті сақтау. «Ауқымы бойынша екі ел тең дәрежеде болмағанымен, бірақ ұқсас міндеттер қойылып отыр, олар жаһандану кезеңіне әбден сай келеді», - деді Б.Сұлтанов.

Экономикалық сипаттағы қойылған міндеттер де ұқсас болып табылады, ғылым мен білім беруді дамыту бойынша мақсаттар да осылайша белгіленген.

Барак Обама да және Нұрсұлтан Назарбаев та өз жолдауларында өндірісті қарқынды дамытуды сауатты және даярлығы мол кадрларсыз құруға болмайтынын баса айтты. Н.Назарбаевтың Жолдауында 12 жылдық білім беруге көшуді аяқтау міндетін қоюы кездейсоқтық емес.

АҚШ және Қазақстан президенттерінің сөйлеген сөздеріндегі маңызды мәселе шағын және орта бизнесті қолдау тақырыбы болып табылады. Осы секторды белсенді дамыту тек экономика үшін ғана емес, азаматтық қоғамды қалыптастыруға негіз құру үшін маңызды, деп санайды Қазақ стратегиялық зерттеулер институтының директоры.