Президенттің кезектен тыс сайлауындағы сайлау қорларының шығындары қатаң бақылауда болады - ОСК төрағасы

АНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауындағы сайлау қорларының шығындары қатаң бақылауда болады.
None
None

Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында аталмыш комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов айтты.

Оның сөзіне қарағанда, сайлау қорларының шығындарына ұдайы мониторинг жүргізіліп отыратын болады. Бұл шараға Орталық сайлау комиссиясы мен банк өкілдерінен өзге құқық қорғау органдары да тартылады. «Бұл мәселені біз жан-жақты ойластырып, пысықтап қойдық. Сондықтан бұл мәселеде бізде қандай да бір проблемалар бола қояды деп ойламаймын», - деді Қ.Тұрғанқұлов.

Соңғы жаңалықтар