Президенттің Қытайға сапары туралы фильм бүгін телеарналардан көрсетіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 17-19 мамырда Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары туралы деректі фильм түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Сиань қаласында Қытай басшысы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізіп, оның барысында стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды.

Қытайда Қазақстан Президенті «Орталық Азия-Қытай» саммитіне де қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапарының қорытындысын Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенінің «Алтын достық» атты жаңа деректі фильмінен көруге болады. Телетуынды бүгін телеарналардан көпшілік назарына ұсынылады.


Соңғы жаңалықтар