Президенттің өкілеттігін ұзарту идеясы аяқ астынан туындаған жаңалық емес - Мәжіліс депутаты

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Президенттің өкілеттігін ұзарту идеясы аяқ астынан туындаған жаңалық емес.
None
None

Бұл көптен бері халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселе», - дейді Мәжіліс депутаты Әмзебек Жолшыбеков. Ол бұл пікірін бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты.

«Экономикамыз жаңғырып, әтүрлі билік тармақтары арасындағы жауапкершілік сараланды. Қазіргі заманғы нормативті-құқықтық базаның негізі қаланды. Қаржы, банк жүйесінде реформалар жүргізілді. Зейнетақы реформасы және басқа да көптеген келелі істер жүзеге асырылды. Іргелес мемлекеттердің барлығымен шекара мәселесі түбегейлі шешілді. Ішкі жалпы өнімнің өсу қарқыны барынша артып отыр. Осының барлығы да мемлекетті тиімді басқарудың нәтижесінде қол жеткізген жетістіктер», - деді депутат.

Соңғы жаңалықтар