Президенттің партияға мүшелігін тоқтату керек - Қасым-Жомарт Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында Президенттің партия мүшесі болуын заңды тұрғыдан тоқтатуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президенттің партияға мүшелігін тоқтату керек - Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мен Президенттің өкілеттік кезеңінде партияға мүшелігін тоқтату міндетін заңнамалық түрде ресімдеуді ұсынамын. Бұл норма саяси бәсекелестікті арттырады, барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайды қамтамасыз етеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы әкімдердің партия филиалдарын басқаруды тоқтату керектігін айтты.

«Әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында қызмет атқаруға заң жүзінде тыйым салу керек. Мұндай шешімдер көпполярлы партиялық жүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді», -дейді ол.

«Қасіретті қаңтардың» маңызды сабағы-мемлекеттегі ең жоғары лауазымды тұлғаның қолындағы өкілеттіктердің шоғырлануы оған жақын адамдар мен қаржы-олигархиялық топтардың әсерін негізсіз күшейтеді. Олар мемлекетті жеке меншік ретінде қабылдайды», - деді Президент.