Президенттің референдумға бармағандығының өзі үлкен ерлік - Мәжіліс депутаты

АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мәжіліс депутаты Амангелді Момышевтың пікірінше, Президенттің референдумға бармағандығының өзі үлкен ерлік.

Президенттің референдумға бармағандығының өзі үлкен ерлік - Мәжіліс депутаты

Бұл туралы ол бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан соң журналистерге берген сұхбатында мәлім етті.

Халық қалаулысының пікірінше, Президенттің референдум өткізбей керісінше, кезектен тыс сайлау өткізуі, халықтың қамын ойлағандығы. «Бұл біздің болашақ ұрпақтарға үлкен өнеге болады деген ойдамын. Бүгін біз «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын мақұлдадық. Референдум өткізу жөніндегі бастаманы 5 миллионнан астам қазақстандық қолдаған болатын. Алдағы уақытта Президент сайлауы өтіп жатса, осы азаматтардың барлығы да Елбасымызға дауыс береді деген ойдамын», - деді депутат.