Президенттің Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапары аяқталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президенттің Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапары аяқталды
Айта кетейік, Мемлекет басшысы 18-19 шілдеде жұмыс сапарымен Сауд Арабиясына барған болатын. Ол ең алдымен Мұхаммед пайғамбар мешітіне зиярат етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жидда қаласына жұмыс сапарымен барды. Онда Кувейттің Тақ мұрагерімен, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті.

Президент Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесіне қатысып, сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттері» саммитін тарихи кездесуге балады. Содан соң, Шығанақ елдері – көптеген негізгі бағыттар бойынша біздің ең маңызды серіктесіміз екенін айтты.