Президенттің тікелей желі арқылы халықпен сұхбат құруы қоғамда қордаланған мәселелердің көптігін көрсетті - Экономика институтының директоры

Ы. Қарашаның 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қоғамда шешуін күткен мәселелер әлі жеткілікті. Бұл Елбасының халықпен тікелей желі арқылы сұхбат құруы кезінде айқын аңғарылды,

Президенттің тікелей желі арқылы халықпен сұхбат құруы қоғамда қордаланған мәселелердің көптігін көрсетті - Экономика институтының директоры

 дейді ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген   Экономика институтының директоры  Оразалы Сәбден.

 «ҚР Президентінің  халықпен сұхбат жүргізуі өте қажетті шараның бірі болды.  Бізде проблема өте көп. Оны шешетін - Үкімет. Алайда олар дәрменсіздік  көрсетіп отыр. Сұхбат кезінде оларға  Президенттің тікелей тапсырмалар беріп,   оның қортындысын мәлімдеуді тапсыруы  соның айқын көрінісі», дейді Білім және ғылым министрлігіне қарасты Экономика институтының директоры, экономика ғылымының докторы Оразалы Сәбден. Қазақстан ғалымдары одағы президентінің айтуынша,   жыл сайын көктемгі егіс жұмыстары мен күзгі жиын-терін кезінде жанар-жағармай бағасының қымбаттауы қазір үйреншікті жәйтке айналды.  Үкімет оны білсе де нақты шаралар жасауда дәрменсіздік танытып келе жатыр. «Мәселен, кеше Премьер-министр жанар-жағар май мәселесіне қатысты   Президент тапсырмасын  әкімшілік жолмен шешетіндерін мәлімдеді. Бұл тығырықтан шығарар  жалғыз жол емес.  Әкімшілік пен нарықтық тетіктер қатар жүргізілуі керек. Онсыз ахуалды   түбегейлі  өзгерту қиын.  Кез-келген мәселе ғылыми негіздегі жүйелі бағдарламамен ғана  шешіледі. Онсыз жасалған әрекеттің бәрі тек уақытша шара боп қалады», дейді ол.