Президенттің Түркістан облысына жұмыс сапарынан видео жарияланды
«Еліміздің рухани және тарихи орталығы - Түркістан облысына жұмыс сапарымен бардым. Мырзакент кентінде Сардоба суқоймасындағы бөгеннің жарылуы салдарынан үйлерінен айырылған тұрғындарға арналған жаңа ықшам ауданының құрылысымен таныстым. Арыс қаласында өткен жылы жарылыс болған әскери бөлімшені қайта қалпына келтіру жұмысының барысы туралы есеп берілді. Сондай-ақ жөндеуден өткен теміржол вокзалына бардым. Облыс орталығында түркі әлемінің рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қалпына келтіру жұмыстарының барысымен таныстым. ЮНЕСКО-ның әлемдік мұраларының тізіміне енген орта ғасырлық сәулет өнері ескерткішінің туристік әлеуеті жоғары. Сонымен қатар Түркістанның жаңа инфрақұрылымдық нысандарын көріп қайттым. Қала тұрғындары мен туристерге арналған Сапар орталығы мен «Жібек жолы« саябағының да көпшіліктің көзайымына айналарына сенемін», деп жазды Президент Instagram -дағы парақшасында.