Президенттің ұсынысы бойынша Сенат Жоғарғы сот судьясы А. Смолинді қызметінен босатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің ұсынуына орай бүгін Парламент Сенаты ҚР Жоғары сотының судьясы Анатолий Смолинді қызметінен босату туралы қаулы қабылдады.
Еске сала кетейік, Жоғарғы сот судьясын қызметінен босату Сенаттың ерекше құзыретіне жатады. «А. Смолин ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы қызметіне тағайындалуына орай оны Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату ұсынысы енгізіліп отыр. Мемлекет басшысының осы ұсынысына қолдау білдірулеріңізді сұраймын», деді ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Марат Бекетаев.