Президенттің Жаңа Қазақстанды құру бастамасы – шетелдік саясаткерлер назарында

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Еуропалық Парламент делегациясы өкілдерімен кездесті. Тараптар басқосуында шетелдік депутаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құру жөніндегі бастамаларын үнемі бақылап отыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Еуропарламент делегациясының елімізге келуі - Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы саяси және парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға және жаңа перспектива іздеуге қосымша серпін беруі тиіс», - деді Мұхтар Тілеуберді.

Еуропалық Парламент өкілдері Президенттің Конституцияға түзетулер енгізу және Жаңа Қазақстанды құру жөніндегі бастамаларын үнемі бақылап отыратынын жеткізді.

«Еуропалық Парламент Қазақстан Еуропалық Одақтың негізгі серіктесі болып табылатын Орталық Азия елдерінің дамуын мұқият қадағалайды», - деп атап өтті шетелдік делегация мүшелері.

Сапар аясында Еуропалық Парламент депутаттары ҚР Парламенті Мәжілісі, Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және бірнеше министрлік басшыларымен кездесулер өткізеді.


Соңғы жаңалықтар