Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органы қызметкері антының мәтіні және оны қабылдау қағидалары бекітілді

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органы қызметкері антыныңмәтінін және оны қабылдау қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңының 13-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органы қызметкері антының мәтіні;
2) Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органы қызметкерінің ант қабылдау қағидалары бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2012 жылғы 7 мамыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 7 мамырдағы №319 Жарлығымен бекітілген